Қазақстандық хоккейші АҚШ-тың жетекші лигасында чемпион атанды

Қазақстандық хоккейші АҚШ-тың жетекші лигасында чемпион атанды

Робертсон кубогы аясындағы финалдық матчта «Бисмарк Бобкэтс» командасы «Лоун Стар Брамас» ұжымын 4:2 есебімен жеңіп, кубок иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бисмарк» сапындағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким бұл ойында бір шайба соқты.

Осы маусымда 19 жастағы хоккейші NAHL-дың тұрақты чемпионаты аясында 44 матч өткізіп, 28 (17+11) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 13 кездесуде оның еншісінде 7 (4+3) ұпай бар.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или