Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін Ислам Махачевпен кездесе ме?

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін Ислам Махачевпен кездесе  ме?


Ирландиялық UFC спортшысы Иэн Гэрри жартылай орта салмақтағы келесі титулдық жекпе-жекке Шавкат Рахмонов лайық екенін айтты. Бұл туралы ол Ариэль Хельваниға берген сұхбатында мәлімдеді.

Жақын арада бұл дивизионда Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена кездеседі. Бірақ айқастың нақты күні әлі бекітілмеген.

«Егер Джек Исламға есе жіберсе, келесі кезек Шавкаттікі. Бұл жекпе-жек 2026 жылдың наурызында немесе Рамазаннан кейін өтуі мүмкін. Шавкаттың Ораза ұстайтынын білмеймін, бірақ Ислам міндетті түрде сақтайды. Сондықтан екі қорғау арасындағы үзіліс ұзақ болады», – деді Гэрри.

Айта кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-де 19 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или