Астанада өтетін әлем Кубогы кезеңіне үздік боксшылар қатысады

30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада World Boxing ұйымының қолдауымен бокстан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов осы турнирге қатысатын алдын ала тізімді жария етті.
Құрама сапына енгендер: 50 келі — Санжар Тәшкенбай, 55 келі — Махмұд Сабырхан, 60 келі — Серік Теміржанов, 65 келі — Ертуған Зейнуллинов, 70 келі — Абылайхан Жүсіпов. Сонымен қатар 75 келіде — Сабыржан Аққалықов, 80 келіде — Нұрбек Оралбай, 85 келіде — Бекзад Нұрдәулетов, 90 келіде — Сағындық Тоғамбай, ал аса ауыр салмақта — Айбек Оралбай сынға түседі.
Бұл турнир – алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или