Азат Мақсұмға UFC рейтингіне енуге бір қадам қалды

Sports Illustrated басылымының жазуынша, қазақстандық файтер Азат Максум 21 маусымда Бакуде өтетін UFC турнирінде Тагир Уланбековты жеңсе, наилегчайший салмақ рейтингінен орын алуы мүмкін.
Азат Мақсұм бұл кездесуге жапониялық Кёдзи Хоригучидің орнына шықпақ. Ол жарысқа санаулы апта қалғанда қатысудан бас тартқан еді.
2023 жылы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Максум Тайсон Намды төрешілердің шешімімен жеңді. Ал келесі кездесуде Чарльз Джонсонға есе жіберді. Солай бола тұра бұл жекпе-жек кештің үздік айқасы деп танылған.
Егер Азат рейтингте ондықта тұрған Уланбековті тоқтатса, бұл жеңіс оған UFC тізімінен тұрақты орын алуға мүмкіндік береді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или