Шавкат Рахмонов титулға келесі үміткерлердің қатарына енді

UFC-де өнер көрсететін ирландиялық Иэн Гэрри сұхбатында Шавкат Рахмоновтың чемпиондық белдік үшін келесі үміткер болуы мүмкін екенін айтты.
Оның сөзінше, жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жекте Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена кездеседі. Бұл айқастың нақты күні әлі белгіленбеген. «Егер Джек жеңілсе, келесі үміткер – Шавкат болады», – деді Гэрри.
Сондай-ақ ол Махачев пен Рахмоновтың арасындағы мүмкін болатын жекпе-жек 2026 жылдың наурыз айында немесе Рамазан айынан кейін өтетінін болжады. «Шавкат Рамазанды ұстай ма, білмеймін. Бірақ Ислам ұстанатыны анық», – деп қосты ол.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-де 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или