Қазақстандық хокейші АҚШ-та Кубок жеңіп алды

Қазақстандық хокейші АҚШ-та Кубок жеңіп алды


NAHL-дегі Робертсон Кубогының финалында «Бисмарк Бобкэтс» командасы «Лоун Стар Брамас» ұжымын 4:2 есебімен жеңіп, турнирдің басты трофейін иеленді.

Бұл ойында қазақстандық шабуылшы Александр Ким де көзге түсті. Ол қарсылас қақпасына бір шайба соғып, жеңіске үлесін қосты.

19 жастағы хоккейші биылғы маусымда тұрақты чемпионатта 44 ойын өткізіп, 28 (17 гол, 11 пас) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінде 13 матчта 7 (4+3) ұпай еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или