Хоккейден Әлем чемпионаты: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Хоккейден Әлем чемпионаты: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды


Шайбалы хоккейден 2025 жылғы Әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы іріктеу кезеңі аяқталды.

Жарыстың келесі сатысына шыққан барлық команда анықталды. Енді 1/4 финалда Канада мен Дания, Швеция мен Чехия, АҚШ пен Финляндия, Швейцария мен Аустрия ойнайды.

Ширек финал ойындары 22 мамырға белгіленген. Жартылай финал 24 мамырда өтсе, 3-орын үшін кездесу мен финал 25 мамырда болады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или