Қазақстанда бокс клубтары арасында чемпионат өтеді

Қазақстанда бокс клубтары арасында чемпионат өтеді

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов қазақстандық бокс клубтары арасында чемпионат өтетінін айтты.

ҚБФ бас хатшысының айтуынша, аталған чемпионатты 2026 жылы бастап өткізуді жоспарлап отыр.

— Өздеріңіз білесіздер, кезінде Astana Arlans деген бокс клубы болды. Сол жерде бокстасып, көп тәжірибе жинақтадық. Енді осы турнирді келесі жылдан бастап елімізде өткізуді жоспарлап отырмыз. Аталған чемпионатқа өңірлік спорт басқармаларына қарасты бокс клубтары қатыса алады. Жарыс 5 раундтан, жартылай кәсіпқой бокс стилінде өтеді, — деді Ақшалов федерациясының жылдық конференциясында.

Мерей Ақшаловтың айтуынша, осындай турнирлерді ұйымдастыру спорттық резервті қалыптастыруға, өңірдегі бокс спортын дамытуға септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, бүгін елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ҚР бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или