ММА. Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер атақты бразилиялықпен кездеседі

ММА. Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер атақты бразилиялықпен кездеседі

Жеңілмеген қазақстандық ММА спортшысы Саламат Исбулаев (8-0) бразилиялық Франсиско Макилмен (17-10-1) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 27 мамырда Астанада өтетін Alash Pride 108 турнирінде өтеді.

Исбулаев әуесқойлар арасында ММА бойынша Еуропа чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ Ресей құрамасы сапында әлем чемпионатының финалисті. Сондай-ақ жеңіл салмақтағы Alash Pride чемпиондық белбеуінің иегері. Қытайда өткен JCK Kings 007 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде ол моңғол Намнанбаяр Туулды мерзімінен бұрын жеңді.

37 жастағы бразилиялық Ресейдің ACA лигасында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или