«Ақтөбе» клубы жаңа жаттықтырушылар құрамын таныстырды

Бас бапкердің көмекшілері тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе ФК бас бапкері Вячеслав Левчуктің көмекшілері тағайындалды. Команданы баптауға көмектесетін қос маманның бірі белоруссиялық, енді бірі жергілікті маман.Горовой Борис Олегович – Белоруссия және Ресей елдерінде қызмет жасаған маман. Ойыншы мансабында “Торпедо”, “Зенит” сынды командаларда доп тепті.
Соңғы жылдары Санкт-Петербургтық “Динамо” ФК бапкері қызметін атқарды.Жалбыров Ернар Сулейманович – ақтөбелік бапкер. “A UEFA”,“A ELITE” санатындағы Лицензиялы маман. “Ақтөбе” жастар командасының бапкері, бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. Одан бөлек “QJ league” турнирінің “Ақтөбе U-17” командасының бас бапкері болды. “QJ league” турниріндегі 54 бапкердің ішінен үздік алты бапкердің құрамына енді.