Рыбакина Страсбургтегі беделді турнирде қытайлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Әлемнің 12-ші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургте (Франция) WTA-500 санатындағы турнирде 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екінші айналымында Қазақстан өкілі қытайлық Ван Синьюйді (рейтингтің 42-ші нөмірі) 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина мен Ван Синьюй бұрын бір-бірімен кездескен. Ол кезде де Елена Рыбакина жеңімпаз атанған болатын (7:6, 6:2).
Келесі айналымда қазақстандық теннисші польшалық Магда Линеттке қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или