Кирилл Герасименко әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Катар астанасы Дохада өтіп жатқан үстел теннисінен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/32 финал кезеңінде ол жапониялық Хирото Шинозуканы 4:2 есебімен жеңіп, жарыстың үздік 32 спортшысы қатарына енді.
Келесі айналымда отандасымыз Тунистен Вассим Эссид пен Бразилиядан келген Уго Кальдерано арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
28 жастағы Герасименко - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның жекелей сында бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ Рио-де-Жанейро (2016), Токио (2021) және Париж (2024) Олимпиадаларының қатысушысы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или