Қазақстандық боксшы қыздардың барлығы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы қыздардың барлығы Азия чемпионатының финалына шықты

12 қазақстандық боксшы қыз Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Шри-Ланкаға барған 19 жасқа дейінгі 12 боксшы қызымыз да финалға шықты. 100 пайыздық көрсеткіш! 👏

Айта кетейік, жас боксшы қыздарымызды Жангелді Ахметов жаттықтырады.

  • 48 келі. Айым Танкибаева
  • 50 келі. Сила Биболсынқызы
  • 52 келі. Рахмина Абдумежитова
  • 54 келі. Жанель Имантаева
  • 57 келі. Ақнұр Тұрсынғали
  • 60 келі. Толғанай Қасымхан
  • 63 келі. Алина Құдайгенова
  • 66 келі. Ақбота Есімбекова
  • 70 келі. Мария Сидоренко
  • 75 келі. Зарина Толыбай
  • 81 келі. Құралай Егінбайқызы
  • +81 келі. Сабина Жақсылық

Жастар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері 22 мамыр күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или