11 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Шри-Ланкада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасынан 11 боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аға-жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спорт шеберлері 11 жолдама жеңіп алды.
Коломбода алтын медаль үшін шаршы алаңға шығатын боксшылар:
- Нұрхан Құмарбеков (48 кг);
- Досымжан Таңатар (51 кг);
- Алдияр Бахадүр (54 кг);
- Нығман Нығмет (57 кг);
- Әділет Төртубек (60 кг);
- Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг);
- Сұлтан Тұрдалы (67 кг);
- Жасұлан Бердәлі (75 кг);
- Игорь Соловьёв (80 кг);
- Расұл Асанханов (92 кг);
- Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)
Жастар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері 22 мамыр күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или