Қазақстандық боксшы Виктор Темировтің келесі қарсыласының аты аталды

Қазақстандық боксшы Виктор Темировтің келесі қарсыласының аты аталды

Әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Темиров 14 маусым күні Германияның Ганновер қаласында рингке оралады. Оның қарсыласы – Польша өкілі Матеуш Павловски (3-5, 2 КО). Кездесу бірінші орта салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Виктор Темиров соңғы кездесуін сәуір айында Германияның Квакенбрюк қаласында өткізіп, төртінші раундта Адам Цеслякты (8-25-1, 3 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Темиров кәсіпқой бокста «Қасапшы» лақап атымен танылған. Алайда Германиядағы жанкүйерлер оны жиі Геннадий Головкинмен салыстырады – GGG де бір кездері дәл осы елде кәсіби мансабын бастаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или