«Барыс» ХК қарыздарынан құтыла алмай отыр

«Барыс» ХК қарыздарынан құтыла алмай отыр

Астананың «Барыс» хоккей клубы әлі күнге дейін ойыншыларға еңбекақысын толық төлемеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Legalbet.kz порталы мәлімдеді. Ақпарат көзіне сенсек жалақыдан бөлек, клуб ойыншыларға өз қаржысына сатып алынған клюшкалар мен ойын формасы үшін де қаражат қайтармаған. Маусым аяқталғанына қарамастан, қаржылық қиындықтар елордалық ұжымды әлі де мазалап келеді.

Еске салайық, «Барыс» 2024/25 жылғы КХЛ маусымын наурыз айында аяқтады. Астаналықтар Шығыс конференциясында бар болғаны 35 ұпай жинап, соңғы – 12-орынды иеленді. Жалпы 68 матчтың 54-інде жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или