Қазақстандық файтер OCTAGON 73 турнирінің басты жекпе-жегінде белбеуін қорғайды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы алдағы OCTAGON 73 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
23 мамыр күні Алматыда орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (18-6) белбеуін алғаш рет отандасы Рүстем Мұхатовқа (13-3) қарсы қорғайды.
Қуанышбаев OCTAGON 64 турнирінде өзбекстандық Ислом Балтаевты (6-3) төрешілер шешімімен жеңіп титулды иеленген болатын.
Турнирде сонымен қатар Сүндет Айтқұл, Шахзод «Gold» Узоков, Өзбек Тайсоны, Джони Авиалинии, Еламан Сейтхан, Тимур Куаныш, Курбан Идрисов, Богдан Пшебельский, Илзат Асиев, Гулжигит Адилет уулу өнер көрсетеді.
OCTAGON 73 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
Турнирдің титулдық демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
Gorilla Energy Drink турнирінің ресми серіктесі