UFC 316 турнирінің ресми трейлері жарияланды

UFC 316 турнирінің ресми трейлері жарияланды

8 маусым күні Нью-Джерсиде (АҚШ) өтетін UFC 316 турнирінің ресми трейлері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы (61 келіге дейін) чемпион грузиялық Мераб Двалишвили бұрынғы титул иегері америкалық Шон О'Мэллимен реванш өткізеді. Файтерлер алғаш рет қыркүйек айында UFC 306 турнирінде кездескен, Двалишвили төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, белбеуді О'Мэллиден алған болатын.

Негізгі кездесуде әйелдер арасында жеңіл салмақтағы америкалық чемпион Джулианна Пенья отандасы Кайла Харрисонмен кездеседі. Бұл жекпе-жек Пенаның бірінші титулды қорғауы болады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или