Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темиров келесі жекпе-жегін маусым айында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты BoxRec.com-ға сілтеме жасап.

Ганновердегі бокс кешінде Темиров поляк Матеуш Павловскиге (3-5, 2 КО) қарсы рингке шығады.

Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Бұл қазақстандық боксшы үшін биылғы жылғы екінші жекпе-жек болады. 12 сәуірде Квакенбрюкте (Германия) өткен бірінші жекпе-жегінде Темиров польшалық Адам Цеслякты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или