GeoGuessr Esports World Cup 2025 турнирінің жаңа дисциплинасы болады

Esports World Cup 2025 турнирінің ұйымдастырушылары жаңа дисциплина — браузерлік география ойыны GeoGuessr-ді қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ойын жасаушылары X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларында мәлімдеді.
Жарыс GeoGuessr World Cup 2025 — Last Chance Wildcard атауымен өтеді. Бұл турнир GeoGuessr маусымының ресми бөлігіне еніп, Данияда өтетін финалдық чемпионатқа жолдама беретін соңғы екі қатысушыны анықтайды. Жүлде қоры — 20 мың АҚШ доллары (шамамен 9 миллион теңге).
Esports World Cup 2025 4 шілде мен 24 тамыз аралығында Эр-Рияд қаласында өтеді. Жеті апта бойы көрермендер 20-дан астам киберспорт дисциплинасы бойынша турнирлерді тамашалайды. Жалпы жүлде қоры — 70 миллион доллар (шамамен 31,5 миллиард теңге).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или