Хоккейден ӘЧ: Чехия топта бірінші орынға көтерілді

Хоккейден ӘЧ: Чехия топта бірінші орынға көтерілді

2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының B тобы аясындағы матчта Германия мен Чехия құрамалары кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде чехиялық хоккейшілер 5:0 есебімен жеңіске жетті. Шайба авторлары: Давид Пастрняк (6-минут), Лукаш Седлак (27), Якуб Флек (30 және 57) және Якуб Лауко (41).

Осы жеңістен кейін Чехия 17 ұпай жинап, топта бірінші орынға көтерілді. Швейцарияда 16 ұпай, АҚШ - 14, Германия мен Дания - 9, Венгрия мен Қазақстан - 3, Норвегия - 1 ұпай.

Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы кездесуін ертең Швейцарияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или