Қазақстандық файтер UFC чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер UFC чемпионымен жекпе-жек өткізеді

UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған Алджамейн Стерлинг қазақстандық ММА файтері Қайрат Ахметовпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 27 мамырда Астанада өтетін Alash Pride 108 турнирінде өтеді. Жекпе-жек грэпплинг ережесі бойынша өтеді.

Қайрат Ахметов (24-3) ONE Championship ұйымының аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы.

Америкалық файтер Алджамейн Стерлинг (24-5) 2021–2023 жылдары жеңіл салмақта UFC чемпионы болған. Ол чемпиондық белбеуді үш рет сәтті қорғаған. Стерлинг UFC тарихында қарсыласының шеттетілуінің нәтижесінде чемпион атанған алғашқы спортшы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или