Ұлттық құрама ойыншысы Эдсонға «Бенфика» клубынан ресми ұсыныс

Ұлттық құрама ойыншысы Эдсонға «Бенфика» клубынан ресми ұсыныс

АФК «Қайрат» Қазақстан құрамасының ойыншысы Эдсонға қатысты Португалияның «Бенфика» клубынан ресми ұсыныс алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Futsalkazakhstan парақшасында жариялады. Эдсон 2018 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді. 2020 жылы ол жарты жылға Словенияның «Лития» клубына арендаға беріліп, кейін Алматыға оралды.

Егер Еуропаға ауысу трансфері қыркүйек айына дейін жүзеге асса, бұл Эдсонның Қазақстан құрамасында ойнауына әсер етуі мүмкін. FIFA ережесі бойынша спорттық азаматтықты ауыстыру үшін бес жыл бойы үзіліссіз елде тұру қажет. Словенияға аренда бұл мерзімді үзіп, жаңа есеп 2020 жылғы қыркүйектен басталды.

Сондықтан Эдсон Қазақстан құрамасында қыркүйек 2025 жылға дейін өнер көрсете алмайды. Егер ол осы мерзімнен бұрын шетелге кетсе, бес жылдық есеп қайта басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или