«Астана» шабандозы 100-ші «Венгрия турында» чемпион атанды

XDS Astana Team 100 жылдық тарихы бар жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мерейтойлық 100-ші «Венгрия турында» Харольд Мартин Лопес жалпы есепте топ жарды.
Шешуші таулы кезеңде жеңісті жұлып әкеткен Лопес командасының қолдауымен көшбасшылықты сақтап қалды. Қиындығы мол соңғы кезеңде қарсыластар жағдайды өзгерте алмады — жеңіс Қазақстанда қалды.
«Бұл ортақ еңбектің жемісі. Команданың қолдауы бәрінен де маңызды», — деді Лопес жарыс аяқталған соң.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или