«Торпедо» ХК бұрынғы басшысы Қазақстан құрамасының АҚШ командасынан жеңілу себептері туралы айтты

18 мамырда Данияның Херингінде өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатының кезекті матчында Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ командасына 1:6 есебімен ұтылды.
Қазақстан хоккейшілерінің жеңілісі туралы өз пікірімен Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Өскемен «Торпедосының» бұрынғы вице-президенті Юрий Петухов бөлісті.
- Қозғалыста, шешім қабылдау жылдамдығында, борттағы күресте және жеке әрекеттерде американдықтар күштірек болды. Матчтың екінші кезеңінде бәрі шешілді. Жалпы, бірінші ойыннан басқа ойындардарда Қазақстан құрамасы мақтауға тұрарлық емес. Барлық әлем чемпионаттарындағы алғашқы практикалық ойындарды біз қарсыластарымыздың көңіл-күйінің нашарлығынан жеңе аламыз, - деді бұрынғы белгілі қазақстандық хоккей функционері.
Естеріңізге сала кетейік, мундиалдың топтық кезеңінің соңғы матчын Олег Болякиннің шәкірттері 20 мамырда Швейцария құрамасына қарсы өткізеді.