Қазақстандық футболшы «Ахмат» сапындағы кезекті матчына баға алды

Flashscore.com статистикалық сайты «Ахматтың» қазақстандық шабуылшысы Максим Самодовтың Ресей премьер-лигасының 29-шы турында Махачкаланың «Динамосына» қарсы ойында (1:1) ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Самородов «Ахмат» сапында негізгі құрамда шығып, 48-минутта гол соғып, 77-ші минутта алаңнан кетті. Қазақстан құрамасының ойыншысы өз ойыны үшін Flashscore-тен 7,3 ұпай алды.
Жалпы осы маусымда Максим Самородов «Ахмат» жейдесінде барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или