Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Талғат Шайкен (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 6 маусымда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол All Stars Boxing 4 кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді, оның қарсыласы кейін белгілі болады.

Шайкен кәсіпқой рингте кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың қараша айында өткізіп, екінші раундта тәжікстандық боксшы Сипехр Саидовты (0:1) нокаутқа түсірген болатын.

Айта кетейік, Талғат WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы әлем чемпионы. Ол әуесқой ретінде Азия чемпионы атанып, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Шәйкен 2020 жылы кәсіпқой бокстағы дебютін жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или