«Астана» шабандозы «Дюнкерктің төрт күні» жарысында 7-орын алды

Жексенбі күні «Дюнкерктің төрт күні» веложарысының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтық кезеңді Israel-Premier Tech командасының британиялық шабандозы Джейк Стюарт жеңіп алды. Екінші орын Tudor Pro командасынан италиялық Альберто Дайнезеге бұйырды. Үшінші нәтижені Groupama-FDJ командасынан франциялық Тибо Грюэль көрсетті.
«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені Майк Тёниссен көрсетті, ол мәреге 7-болып келді.
«Дюнкерктің төрт күні». Бесінші кезең Wormhout — Dunkerque. 185.6 километр.
1. Джейк Стюарт (Ұлыбритания, Israel-Premier Tech) — 4:07:57
2. Альберто Дайнезе (Италия, Tudor Pro)
3. Тибо Грюэль (Франция, Groupama-FDJ)
7. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана»)
27. Аарон Гейт (Жаңа Зеландия, «Астана») — +0:03
Жалпы есеп:
1. Самуэль Уотсон (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers) — 19:30:05
2. Льюис Аски (Ұлыбритания, Groupama-FDJ) — +0:04
3. Карлос Канал (Испания, Movistar) — +0:11.
22. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана») — +0:55
37. Аарон Гейт (Жаңа Зеландия, «Астана») — +8:59.