Карл Фрочты жекпе-жекке UFC-дің бұрынғы файтері шақырды

Карл Фрочты жекпе-жекке UFC-дің бұрынғы файтері шақырды


Әлем чемпионы атағын иеленген әрі Бокс Даңқ залында есімі жазулы Карл Фроч күтпеген жерден рингке шақыру алды. Бұл жолы оны блогер емес, UFC-де өнер көрсеткен бұрынғы файтер — Даррен Тилл жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Фроч бұған дейін тек Джейк Полмен жекпе-жек үшін оралатынын мәлімдеген. Алайда Пол мұндай ұсынысқа қызығушылық танытпады. Есесіне Тилл «Misfits» фрик-промоушен аясында өткізген екінші бокс кездесуінде жеңіске жетіп, енді бұрынғы чемпионға ашық шақыру жасады.

IFL TV-ге берген сұхбатында Тилл: «Карл Фроч — нағыз мықты, Британия тарихындағы үздік боксшылардың бірі. Бірақ мен онымен кез келген күні жұдырықтасуға дайынмын. Өзімді мықтырақ деп айтпаймын, ол маңызды емес!» — деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол екеуінің арасында «нағыз өткен шақ» барын және Фрочтың әлі де бабында екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или