«Бокс оны қайта тірілтті»: Джошуа Алленнің жеңісіне баға берді

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа Дэйв Алленнің Джонни Фишерден алған реваншына қатысты пікір білдірді. Оның сөзін fightnews порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап жариялады.
Джошуаның айтуынша, Аллен өмірінің қиын кезеңдерінен өткен. Ол құмар ойындарға тәуелділікпен күресіп, тіпті өз-өзіне қол салу туралы ойлаған кездері болған. Бірақ қазір ол отбасылы, қаржылай тұрақты және мүмкін, мансабындағы ең маңызды жеңіске жетіп отыр.
«Міне, бокс деген осы», – деді Джошуа. Еске салайық, Аллен 17 мамыр күні бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, Фишерден кеткен есесін қайтарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или