Ибрагим Бетаев Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады

Ибрагим Бетаев Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады

22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатының жетінші жарыс күні қазақстандықтың жеңісімен басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келі салмақта өнер көрсеткен Ибрагим Бетаев алғашқы жекпе-жегін сенімді түрде жеңіп, ауғандық Мохаммад Катиді екі раундта екі рет нокаутқа түсірді. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді – 5:0.

Жартылай финалда Бетаев Қырғызстан өкілімен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или