Кейн Бундеслигада екінші маусым қатарынан үздік сұрмерген атанды

Мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн Бундеслига тарихындағы турнирдегі алғашқы екі маусымының әрқайсысында үздік бомбардир атанған алғашқы ойыншы, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бундеслигада өткен маусымда Кейн 31 матчта 26 гол соқты. Мюнхендік клубпен бірге Кейн Германия чемпионы атанды.
«Байер» командасының ойыншысы Патрик Шик 31 ойында 21 гол соғып, Бундеслиганың сұрмерген тізімінде екінші орында тұр.
Германия чемпионатының алдыңғы маусымында ағылшын 32 матчта 36 гол соққан. Жалпы Кейн «Бавария» сапында 91 ойында 82 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Тараптар арасындағы келісімшарт 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или