Владимир Чебуриннің командасы еуропалық чемпионатта жеңіліс құшты

Владимир Чебуриннің командасы еуропалық чемпионатта жеңіліс құшты

Литва чемпионатының 12-туры аясындағы сырт алаңда «Жальгирис» «Кауно Жальгиристен» 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта қазақстандық маман Владимир Чебуриннің командасы «Жальгирис» Литва чемпионатының турнир кестесінің жетінші қатарында тұр.

Айта кетейік, «Кауно Жальгирис» сапында Қазақстан Премьер-Лигасының бұрынғы төрт ойыншысы өнер көрсетеді. Олар Фабиан Урега («Астана»), Антон Толордава («Шахтер»), Деян Георгиевич («Ертіс») және Темур Чогадзе («Шахтер» және «Жетісу»). Бұл кездесуде соңғы екі футболшы екі гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или