УЕФА Хорватия құрамасын жанкүйерлері үшін жазалады

УЕФА Хорватия құрамасын жанкүйерлері үшін жазалады


УЕФА Хорватия құрамасының жанкүйерлері жасаған тәртіпсіздіктер үшін қатаң жаза қолданды. Францияға қарсы Ұлттар лигасындағы екі матч кезінде орын алған жағдайларға байланысты Хорватия футбол қауымдастығына 93 мың еуро көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойында хорват жанкүйерлері нәсілдік сипаттағы және кемсітуші әрекеттерге барған. Сонымен қатар, стадионда пиротехника қолданып, лазер жаққан, жолдарды жауып, тәртіп бұзған. Осыған байланысты 32 мың еуро айыппұл салынған.

Парижде өткен қарымта матчтан кейін тағы да 33 мың еуро көлемінде айыппұл кесілді. Оның ішінде пиротехника үшін – 25 мың, стадионға келген залал үшін – 8 мың еуро төлеуге тура келеді.

Сонымен қатар, енді Хорватия құрамасы келесі үйдегі ойынын көрерменсіз өткізеді, ал сырт алаңдағы келесі кездесуге хорват жанкүйерлері билет сатып ала алмайды. Бұл шешім УЕФА қарамағындағы ойындарға қатысты қабылданған. Сонымен бірге 30 мың еуро көлемінде қосымша айыппұл салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или