Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан бесінші мәрте жеңілді

Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы қатарынан бесінші мәрте жеңілді


Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы бесінші ойынын бүгін Чехияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында чехиялық хоккейшілер алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 5-минутта олардың қатарынан Матей Странски есеп ашса, одан кейін Якуб Флек 21, Матей Странски 32, Роман Червенка 37, Адам Клапка 41-минутта басымдықты арттыра түсті.

Ел құрамасынан 47-минутта Вячеслав Колесников есеп айырмасын қысқартса, Роман Червенка 53, 55, Адам Клапка 59-минутта тағы үш гол соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:8 есебімен есе жіберді. 

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4), Данияға (1:5) есе жіберді.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 18 мамырда АҚШ құрамасына қарсы өткізеді.

Сондай-ақ А тобында Франция Швециядан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или