«Ливерпуль» Фримпонгпен келісіп жатыр

Ағылшындық «Ливерпуль» клубы «Байер» қорғаушысы Жереми Фримпонгты сатып алуға ниетті. Бұл туралы журналист Пол Джойс хабарлады. Оның айтуынша, футболшы 2030 жылға дейін келісімшартқа қол қояды.
Фабрицио Романоның мәліметінше, трансфер құны – 35 миллион еуро. Келісім бес жылға жоспарланған. Фримпонг бұған дейін «Ливерпульдің» жазғы трансферлік тізіміндегі басты үміткерлердің бірі ретінде аталған еді. Бұл – маусым соңында клубтан кететін Трент Александер-Арнольдтың орнын басу қадамы.
«Байер» де трансферге қарсы емес. Неміс ұжымы нидерландтық қорғаушыны шамамен 30 миллион фунтқа сатуға дайын. Қазір тараптар арасындағы келіссөздер шешуші кезеңге жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или