«Айнтрахт» Чемпиондар лигасына жолдама алд

«Айнтрахт» Чемпиондар лигасына жолдама алд


Франкфурттің «Айнтрахты» Бундеслигадағы соңғы турда шешуші жеңіске жетіп, келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Команда сырт алаңда тікелей бәсекелес «Фрайбургті» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ойындағы алғашқы голды алаң иелері соқты – 27-минутта Доан есеп ашты. Алайда үзіліс алдында Кнауфф таразы басын теңестірді. Екінші таймда «Айнтрахт» толығымен басым болды: 61-минутта Кристенсен алыстан дәл соғып, есепті еселесе, арада екі минут өтпей жатып «Фрайбург» қорғаушысы өз қақпасына гол соғып алды.

Осы жеңістен кейін франкфурттық клуб 60 ұпай жинап, маусымды үшінші орынмен аяқтады. «Айнтрахт» Чемпиондар лигасына соңғы рет өткен ғасырда қатысқан. Ал Германия атынан бұл жарысқа «Бавария», «Байер» және дортмундтық «Боруссия» да қатысады. «Фрайбург» Еуропа лигасына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или