Гимнаст Диас Тойшыбек Словениядағы Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.
Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или