«Реал Мадрид» бас бапкері «Барселонаны» чемпиондықпен құттықтады

«Реал Мадрид» бас бапкері «Барселонаны» чемпиондықпен құттықтады

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти «Барселонаны» чемпиондықпен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барселона» керемет өнер көрсетті, оларды құттықтау керек. Бұл маусымда ең тұрақты команда болды және өте әдемі футбол ойнады. Иә, олар бұл титулға лайық болды. Келесі маусым мүлде басқа тарих болады», — деді Анчелотти баспасөз мәслихатында.

Каталониялық клуб 2024/2025 жылғы маусымда Испания чемпионы атанды. Бұл мәртебеге олар Ла Лиганың 36-турындағы «Эспаньолға» қарсы өткен ойында (2:0) қол жеткізді. «Барселона» 36 матчтан кейін 85 ұпай жинап, екі тур қалғанда басты қарсыласы «Реалдан» жеті ұпайға озып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или