«Міндетті түрде жекпе-жек өткізеді». Бұрынғы UFC чемпионының бапкері Рахмоновқа маңызды кеңес берді
Алиреза Ноэи, UFC-дегі бразилиялық жұлдыз Чарльз Оливейраның еркін күрес бойынша бапкері, Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық Шавкат Рахмоновтың Ислам Махачевпен өтетін болашақ жекпе-жегіне дайындығында неге назар аудару керек екенін айтты.
«Рахмонов күрес пен джиу-джитсуді көбірек дамытуы қажет. Менің ойымша, олар міндетті түрде болашақта жекпе-жек өткізеді», – деді маман.
Ноэи жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Оливейраға (35-10) 2022 жылдың қазан айында Әбу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачевке (27-1) қарсы дайындықта көмектескен болатын. Сол кезде Махачев екінші раундта қылқындыру әдісін қолданып жеңіске жетті.
Жуырда Махачев UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, жартылай орта салмақта өнер көрсетуге бел буғаны белгілі болды. Бұл салмақ дәрежесінде жеңіліссіз келе жатқан жетекші спортшылардың бірі – қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0).