Хасбик бұрынғы чемпионды жекпе-жекке шақырды

Хасбик бұрынғы чемпионды жекпе-жекке шақырды

Хасбик лақап атымен танымал Хасбулла Магомедов Илья Топурияға үндеу жасады. Блогер UFC титулы үшін жұдырықтасуға және белбеуді Дағыстанға қайтаруға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық файтер Топурия 28 маусымда UFC 317 турнирінде Чарльз Оливейрамен жекпе-жек өткізеді. Жеңіл салмақтағы белбеу сарапқа салынады.

«Топурия, егер саған бұл белбеу шынымен керек болса, мен дайынмын. Дана Уайт, маған келісімшартты жібер. Мен титулды Дағыстанға қайтарамын", - деп жазды Хасбик әлеуметтік желіде.

28 жастағы Топурияның 16 жекпе-жегінде 16 жеңісі бар, оның ішінде UFC-де 8 жеңіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или