«Астана» шабандозы «Венгрия турының» үшінші кезеңінде жеке жеңіске жетті

XDS Astana Team шабандозы Харольд Мартин Лопес «Венгрия турының» үшінші кезеңінде жеке жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лопес мәреге екі шақырым қалғанда фавориттер тобына шабуыл жасап, басымдыққа бірден қол жеткізді.
Қарсыластарының қарсы Шабуылдарына қарамастан, XDS Astana Team шабандозы басымдығын сақтап, жеңіске қол жеткізді.
Табандылығының арқасында Харольд Мартин Лопес «Венгрия турының» жалпы классификациясында көш бастады.
«Мен осы тамаша күнді жеңіспен аяқтағаныма өте қуаныштымын. Команда маған басынан бастап соңғы шақырымға дейін бүкіл кезең бойы көмектесті. Алдымен Глеб Сирица мен Маттео Малучелли алдыңғы қатарда аянбай еңбек етті, жарыс барысын толығымен бақылап отырды. Тамаша жұмыс! Содан кейін соңғы тауда, Иде Схеллинг және Антон Чарминг өте жақсы нәтиже көрсетті. XDS Astana Team командасында жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алда тағы екі кезең бар біз көшбасшының жейдесін қорғауға тырысамыз», - деді Харольд Мартин Лопес.