Неймар «Сантоспен» келісімшарт мерзімін ұзартады

Неймар «Сантоспен» келісімшарт мерзімін ұзартады

Бразилиялық вингер Неймар «Сантоспен» келісімшарт мерзімін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы TNT Sports Brasil басылымы хабарлады. 33 жастағы футболшының қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін болатын. Дереккөздің айтуынша, ол тағы бір жылға ұзартылады.

Неймар «Сантостың» түлегі. Ол клубқа 2025 жылдың қаңтарында оралды. Содан бері бразилиялық команда сапында тоғыз матч өткізіп, үш гол соқты.

Ойыншы мансабында «Барселона», «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубтарында да ойнады. Неймар каталондық клубтың құрамында Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или