Қазақстан құрамасының ойыншысы латвиялық клубтан кетті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Лео Латвияның РФШ клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Көп рахмет, РФШ! Бұл клубта ойнау мен үшін үлкен мәртебе және нағыз бақыт болды. Мұнда мен жүрегімде мәңгі қалатын тамаша адамдарды шынайы достарды кездестірдім. Барлығы біз ойлағандай бола бермейді, бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым деп сенімді түрде айта аламын.
Қазір біраз демалып, отбасыммен уақыт өткізіп, болашағымды ойлауды жоспарлап отырмын. Тағы да рахмет!», - деп жазды ол Instagram желісінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или