«Арсенал» – «Ньюкасл». Күміс жүлде үшін күрес

18 мамырда Англия чемпионатының 37-туры аясында «Арсенал» — «Ньюкасл» матчы өтеді , - деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Арсенал»
Лондондық клуб кейінгі ойындарда қажет емес жерден ұпай жоғалтып жүр. Атап айтқанда, «Кристал Пэласпен» тең ойнап (2:2), күтпеген жерден «Борнмуттан» жеңілді (1:2), сондай-ақ чемпион «Ливерпульмен» тең түсті (2:2). «Арсенал» сүрінген сайын басты бәсекелестері «Ньюкасл» мен «Манчестер Ситидің» мүмкіндігі артты. Алдағы матчқа испаниялық жартылай қорғаушы Мигель Мерино қатыса алмайды, ол өткен турда «Ливерпуль» қақпасына гол соқты, бірақ екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Айта кетейік, «Арсенал» қатарынан 5 матч бойы бірде-бір турнирде жеңіске жеткен жоқ, өз қақпасына 9 гол жіберіп, 6 ғана гол соққан.
«Ньюкасл»
Қонақтар «Эмирейтс» стадионына көтеріңкі көңіл-күймен келе жатыр, өткен турда «Челсиді» 2:0 есебімен жеңді. Команда көктемгі маусымды өте сәтті өткізіп жатыр, он ойындағы жеті жеңіс Эдди Хоу шәкірттерін күміс үшін жарысқа қосты. Кейінгі 5 матчта «Ньюкасл» қарсыластары қақпасына 12 гол соғып, өз қақпасына 5 гол ғана жіберіп алды, оның үстіне «Астон Виллаға» қарсы ойында 4 гол жіберіп алды. Исак пен Шер керемет өнер көрсетеді.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл кездесуге мынадай коэффициент ұсынып отыр: «Арсеналдың» жеңісі – 1.99, тең ойын – 3.64, «Ньюкаслдың» жеңісі – 3.70.
Сондай-ақ екі команда да гол соғады деген бәске 1.61 коэффициент беріліп отыр.
«Арсенал» – «Ньюкасл» матчы Астана уақытымен 18 мамыр күні сағат 20:30-да басталады, ойын трансляциясын мына ссылке арқылы көруге болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.