Қазақстан құрамасының жұлдызы шетелдік клубтан кетті

Қазақстан құрамасының жұлдызы шетелдік клубтан кетті

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Леонардо «Лео» Мендонка да Роса Латвияның РФШ клубынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«РФШ-ға рақмет. Бұл клубта ойнау мен үшін мәртебе әрі қуаныш болды.

Мұнда жүрегімде мәңгі сақтайтын керемет адамдармен таныстым, өмірлік достар таптым.

Барлығы әрдайым жоспарлағандай аяқтала бермейді, бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасадық деп сенімді түрде айта аламын.

Енді демалып, отбасыммен уақыт өткіземін және болашағыма қатысты шешім қабылдаймын», — деп жазды Лео Instagram парақшасында.

Бразилия футбол мектебінің тәрбиеленушісі Лео Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 2014 жылдың күзінде Тбилисиде Грузияға қарсы жолдастық матчта (2:1) өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или