Сәтпаев пен Ямаль бір тізімге енді

Беделді Transfermarkt порталы 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында Еуропа лигаларындағы үздік сұрмергендердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев 12 матчта жеті гол соғып, бұл тізімде үшінші орынды иеленді. Рейтинг көшбасшысы – «Барселона» жұлдызы Ламин Ямаль, ол 52 ойында 16 гол соққан. Екінші орынға эстониялық «Харью» командасының 17 жастағы вингері Стивен Кангур жайғасты – оның еншісінде небәрі екі матчта жеті гол бар.
Толық рейтинг мынадай:
1. Ламин Ямаль («Барселона») — 16 гол, 52 матч;
2. Стивен Кангур («Харью») — 7 гол, 2 матч;
3. Дастан Сәтпаев («Қайрат») — 7 гол, 12 матч;
4. Хансен («Буде-Глимт») — 7 гол, 4 матч;
5. Костулас («Олимпиакос») — 7 гол, 34 матч;
6. Максимович («Црвена Звезда») — 5 гол, 31 матч;
7. Роотс («Харью») — 4 гол, 1 матч;
8. Паалберг («Пярну») — 4 гол, 6 матч;
9. Бонджулич («Нови-Пазар») — 4 гол, 12 матч.