Бивол - Бетербиев трилогиясы: жекпе-жек қашан өтеді?

Бивол - Бетербиев трилогиясы: жекпе-жек қашан өтеді?

Жартылай ауыр салмақта WBA, IBF, WBO белбеулерінің иегері Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жек қараша айында өтеді. Бұл туралы чемпионның бапкері Дмитрий Кириллов мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кирилловтың айтуынша, боксшылар жекпе-жекке арналған келісімшарттарға қол қойып қойған. Бастапқыда кездесуді қазан айына жоспарлаған, алайда Бивол жекпе-жекті қарашаға ауыстыруды сұраған.

«Оған өзінің ең мықты бабын көрсету үшін сәл көбірек уақыт қажет», — деп келтіреді Кирилловтың сөзін «Mash на спорте» телеграм-арнасы.

Бетербиев пен Бивол арасындағы алғашқы жекпе-жек 2024 жылғы 14 қазанда өткен еді. Ол кезде төрешілер жеңісті Артурға берген, нәтижесінде Бетербиев жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы атанды. Ал 2025 жылдың ақпанындағы қарымта кездесуде төрешілер жеңісті Дмитрийге беріп, Бивол барлық негізгі белбеудің иесі атанды. Кейіннен Бивол америкалық Давид Бенавидеспен жекпе-жек өткізуден бас тартып, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағынан айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или