Роналду тағы да матчқа қатысушылар тізіміне енбей қалды

Криштиану Роналду бүгін өтетін «Әл-Наср» матчының тізіміне енбеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша ол қатарынан екінші рет команда ойындарына қатыспай отыр. Соңғы аптада өткен жаттығуларда да Роналду көрінбеді.
Команда жұлдызды ойыншыларға толы болса да, күткен нәтижеге жете алмай келеді. Басшылық бұл үшін Роналдуды кінәләйді, ал Роналду басшылықты қажетті трансферлер жасамады деп сөгуде. Қазіргі таңда екі тарап та 30-маусымда аяқталатын келісімді ұзартуға асықпай отыр.
Про лиганың 32-тур аясында өтетін «Әл-Наср» мен «Әл-Таавун» арасындағы матч бүгін 23:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или