Арман Оспанов ALASH PRIDE FC 108 турниріне қатысады

Арман Оспанов ALASH PRIDE FC 108 турниріне қатысады

Қазақстандық жауынгер Арман Оспанов бұрынғы UFC чемпионымен шайқасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 мамыр күні Астанада ALASH PRIDE FC 108 турнирі өтеді. Кештің басты кездесуінде грэпплингтен Арман Оспанов (11-5) пен Ренан Барао (34-10) кездеседі.

Қазақстандық спортшы көптен бері октагонға шықпай келген еді. Мансабында жауынгерлік самбодан үш дүркін Әлем чемпионы болған. Оның жарқын жекпе-жектерін жанкүйерлер естен шығара қойған жоқ.

Ренан Барао UFC-де 17 жекпе-жек өткізген спортшы. Жеңілірек салмақта чемпион болған. 10 жыл ішінде 32 шайқаста жеңілмеген. Бразилиялық жауынгер джиу-джитсудан қара белбеудің иегері.

UFC-дегі мансабында Юрайя Фейбер, Ти Джей Диллашоу, Алджамейн Стерлинг сияқты спортшылармен кездескен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или